Хромтау ауданының архиві

Хромтау ауданының мемлекеттік архиві

«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің «Хромтау ауданының мемлекеттік архиві»КММ
Мекен-жайы: 031100, Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы, Әлия Молдағұлова көшесі, 7
Байланыс телефоны: 8 (71336) 2-17-89
Электрондық пошта мекен-жайы: arhiv.khromtau@list.ru
Жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма 09.00-18.00
Түскі үзіліс: 13.00-14.00
Демалыс күндері: сенбі-жексенбі

Архив меңгерушісі – Есенбаева Тания Габдуловна, 2021 жылдың мамыр айынан бастап қызмет жасайды. Архив штатында екі архивист Курманова Дина Мажитовна және Тыныштыкова Гульбану Болатовна жұмыс істейді. Архив қызметкерлері үнемі өздерінің кәсіби деңгейлерін арттырып отырады, нормативтік құжаттарды зерделейді және семинарларға қатысады.
Бүгінгі таңда архивте 98 қор сақталуда. Оның ішінде 1929-2015 жылдар аралығында 18728 басқару және 24419 жеке құрам құжаттары. Барлық құжат саны 43147.
Жылдан жылға архивке келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстар саны өсуде. Сұраныстар бойынша архив «Архивтік анықтамаларды, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру «мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Қиындықтарға қарамастан, архив ұжымы еліміздің түкпір-түкпірінен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден келіп түсетін азаматтардың, мекемелер мен ұйымдардың сұраныстарын барынша толық, сапалы және мерзімінде орындауға мүмкіндік жасайды.