Байғанин ауданының архиві

«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің
«Байғанин ауданының мемлекеттік архиві» КММ

Мекен жайы: 030300, Ақтөбе облысы, Қарауылкелді а. Д.Қонаев көшесі, 35
Байланыс: тел/факс 8 (71345) 2-30-57
эл.мекенжайы: arhiv.baiganin@mail.ru
жұмыс режимі: Жұмыс басталуы: 09.00
Түскі үзіліс: 13.00 – 14.00
                                                          Жұмыс аяқталуы: 18.00

Архив меңгерушісі – Туленов Мырзабек Жолдыбаевич, осы қызметті 2005 жылдың мамыр айынан бастап атқарады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатымен, Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 20 жылдығына орай марапатталған. Архив штатында тағы 2 қызметші – мұрағатшылар Төребаева М.Т. және Бекенова Ұ.Б. қызмет етеді. Архив қызметкерлері өз кәсіби деңгейін жаңа нормативтік құжаттаманы зерттеу және аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық семинар мен конференцияларға қатысу арқылы үнемі жоғарлатуда.

Қазіргі таңда архивте 32 қордың 1936 – 2010жж. 5673 құжаттары сақталуда, оның ішінде 3333 басқару құжаттамасы және 2340 жеке құрам бойынша құжаттар.

Жылдан жылға архивке келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық сұраныстар саны көбеюде. Бұлар бойынша архив «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындайды.

Жұмыстағы қиыншылыққа қарамай архив қызметкерлері еліміздің және жақын шет елдерінің азаматтарынан, мекемемелерінен келіп түсетін сұраныстарды толық, сапалы және уақытылы орындауға тырысады.