Жаңалықтар

«Архив ісі және құжаттама саласын жетілдірудің өзекті бағыттары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

17.06.2026

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Қобда ауданының орталығында Қобда және Ойыл аудандарының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері мен мемлекеттік архивтердің басшылары мен мамандарына арналған «Архив ісі және құжаттама саласын жетілдірудің өзекті бағыттары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

Семинарға Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының маманы архив істері және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы А.А.Баймбетова, Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай және Қобда және Ойыл аудандарының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері мен мемлекеттік архивтерінің мамандары қатысты.

Семинар барысында қатысушыларға архив ісі және құжаттама саласындағы заңнаманың, нормативтік құқықтық актілердің талаптары мен нормалары түсіндіріліп, оларды практикалық қызметте тиімді қолданылуы туралы айтылып, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету, сараптау-тексеру комиссияларының қызметін жетілдіру, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың іс жүргізу қызметтері мен архив мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру, архив құжаттарын цифрландыру, есепке алу және пайдалану, заманауи ақпараттық технологияларды енгізу тәжірибелері қарастырылды.

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің ҰАҚ толықтыру бөлімінің басшысы А.М.Бабасова «Құжаттардың құндылығын сараптау» және архивист Ә.О.Дайынова «Істер номенклатурасын құрастыру тәртібі» тақырыптарында баяндамалар оқып, қызмет барысында туындайтын өзекті мәселелері мен ведомстволық архивтердің қызмет аясында кездесетін жобаларды іске асыру, жетілдіру бағыттарын талқылап, тәжірибелерімен бөлісіп, сұрақтарына қажетті жауаптарын алды.

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай семинарға қатысушылар мен Қобда ауданы әкімдігіне алғысын білдірді.

Сонымен қатар, семинарға қатысушылар Қобда аудандық архивінің жұмысымен танысты.