Жаңалықтар

«Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, термеші, жыраулық дәстүрдің жанашыры Әділбек Сариннің, Халық шығармашылығы орталығының өкілі Г. Романованың және жыр мектебі шәкірттерінің қатысуымен ұлттық өнерді ұлықтауға арналған тағылымды шығармашылық кездесу өтті.

08.06.2026

Үстіміздегі жылдың 8 маусым күні Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, термеші, жыраулық дәстүрдің жанашыры Әділбек Сариннің, Халық шығармашылығы орталығының өкілі Г. Романованың және жыр мектебі шәкірттерінің қатысуымен ұлттық өнерді ұлықтауға арналған тағылымды шығармашылық кездесу өтті.

Шараның негізгі мақсаты – «Ер Едіге» жыр мектебінің жетекшісі, жырау, термеші Әділбек Сариннің дәстүрлі жыр өнерін дамытудағы еңбегін насихаттау және оның жеке тектік қорын Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қорына қабылдау болды.

📝Кездесу барысында Әділбек Сариннің «Пайғамбарлар жырына» қатысты авторлық жинақтары және материалдары архив қорына табысталды.

🎙️Шара аясында Әділбек Сарин және жыр мектебінің шәкірттері өз өнерлерін көрсетіп, жыр-дастандар мен термелер орындады. Көрермендер ұлттық өнердің үздік үлгілерін тамашалап, рухани әсер алды.Шара соңында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М. Төлебай жыр-дастандар орындаған жас таланттардың өнерін жоғары бағалап, қатысушылар мен қонақтарға сый-сияпат табыстап, алғысын білдірді.

Қазақтың дәстүрлі жыраулық өнері – ұлттың тарихи жады мен рухани құндылықтарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл қазына.