Директордың құттықтауы

Құрметті достар!
Архив – тарих айнасы. Халық пен ел тарихындағы құнды жазба деректерді жинастырып, сақтау ісіне әуелгі замандардан бері мемлекеттік деңгейде мән беріліп келеді. Қазіргі архивтерде мәңгілікке сақталатын тарихи деректер- мемлекеттің ішкі және сыртқы жағдайы, саяси-идеологиялық қатынастары туралы құжаттар ұлттық байлықтың бір бөлігі ретінде қорғалады.
Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві туған өлкеміз- Ақтөбе облысы тарихының елеулі кезеңдеріне, тарихы мен мәдениетінің деректі ескерткіштеріне, сондай-ақ, белгілі тұлғалардың өмірі мен қызметіне қатысты құжаттарды жинақтап отыр.
Архив қызметкерлері сан – алуан ақпараттық байлықпен жұмыс істейтін, қоғам мүддесі үшін тарихи мұраға қолжетімді болу үшін жағдай жасауда тарихи жадының сақтаушылары.
2025 жылғы 14 наурыздағы Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаев: «Үкімет қолда бар орасан зор деректерді, соның ішінде мұрағаттар мен анықтамалық мәліметтерді, ғылыми зерттеулерді, иллюстрациялар мен фотосуреттерді, музыкалық шығармаларды және өнер туындыларын цифрлық форматқа көшіру жұмысын бастап кетті. Ұлттық цифрлық мұрағат құрып, оны еліміздегі және шетелдердегі нейрожүйе жасаушылардың еркін пайдалануына мүмкіндік беру керек» деп атап өтті.
Қымбатты достар! Осы парақша арқылы өздеріңізге қызықты әрі қажетті ақпарат алуға, сондай-ақ архивтің күнделікті тыныс – тіршілігімен танысуға шақырамын.
Облыстық архив халыққа қолжетімді және тарихқа, шежіреге қызығушылар үшін әрдайым ашық.
Құрметпен, «Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві» КММ-ң директоры М.Тулебай.
Жаңалықтар
«Ұлттық архив қоры: 100 жылдық белес: тарих пен болашақ сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
2026 жылдың 6 қарашасында Киелі Түркістан елінде Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі архив ісінің 100 жылдық мерейтойына орай «Ұлттық архив қоры: 100 жылдық белес: тарих пен болашақ сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тағылымы мол ғылыми іс-шараны Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Түркістан облысының мемлекеттік архиві ұйымдастырды. Аталған маңызды іс-шараға Ақтөбе облысының […]
«Колледж тарихындағы тұлғалар» жобасы аясында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде танымдық экскурсиясы
2026 жылғы 4 қарашада Ақтөбе гуманитарлық колледжінің «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2-курс студенттері мен жоба жетекшісі Н.Б.Аманова «Колледж тарихындағы тұлғалар» жобасы аясында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивіне танымдық экскурсиямен келді. […]
«Асау Барақ Батыр – ұлт рухының символы» тақырыбында тарихи танымдық конференциясы
2026 жылдың 28 қазан күні Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві қызметкерлерінің қатысуымен №45 жалпы білім беретін орта мектебінің ұйымдастыруымен «Асау Барақ Батыр – ұлт рухының символы» тақырыбында тарихи танымдық конференция өтті. Шараның мақсаты- Асау Барақұлының өмірі мен тарихи тұлғасын кеңінен таныту, оның ерлігі мен өнегелі өмірін дәріптеу, тарихи мұрасын сақтау және кейінгі ұрпаққа жеткізу. Сонымен қатар […]
