Жаңалықтар

«Ұлттық архив қоры: 100 жылдық белес: тарих пен болашақ сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

06.11.2026

2026 жылдың 6 қарашасында Киелі Түркістан елінде Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі архив ісінің 100 жылдық мерейтойына орай «Ұлттық архив қоры: 100 жылдық белес: тарих пен болашақ сабақтастығы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Тағылымы мол ғылыми іс-шараны Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Түркістан облысының мемлекеттік архиві ұйымдастырды.
Аталған маңызды іс-шараға Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры Марат Тулебайұлы қатысып, архив саласындағы өзекті мәселелер мен озық тәжірибелер жөнінде құнды ақпараттармен танысып, өңіраралық кәсіби байланысты нығайту, өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында тәжірибе алмасты.
Конференция аясында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры Марат Тулебайұлы түркістандық әріптестерін айтулы мерейтоймен шын жүректен құттықтап, архив саласының дамуына қосқан елеулі үлестері мен еселі еңбектері үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ ұжымға арнайы сый-сияпатын табыстап, ізгі тілегін жеткізді.
Конференция жұмысы Түркістан қаласының тарихи-мәдени орындарына ұйымдастырылған танымдық экскурсиямен жалғасын тапты.
«Тарихын қастерлеген елдің болашағы жарқын!» – дей келе, жүз жылдық белесті бағындырған архив ұжымының еңбегіне береке, шығармашылық табыс тілейміз.