Ойыл ауданының архиві

«Ақтөбе облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің
«Ойыл ауданының мемлекеттік архиві» КММ

Айдарбаев Мұратбай Болатұлы

Мекен жайы: 030900, Ақтөбе облысы, Ойыл а. Жолмырзаев көшесі, 5
Байланыс: тел/факс 8-(71332)-2-10-52
эл.мекенжайы: uil.arhiv@mail.ru

Айдарбаев Мұратбай Болатұлы, 1986 жылы 8 қаңтарда Ойыл ауданы Ойыл селосында дүниеге келген.

2003 жылы Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебін үздік аттестатпен аяқтап, 2007 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетін «Тарих, құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылдың тамыз айында Ш.Бекмұхамбетова атындағы Ойыл орыс орта мектебінде әлеуметтік педагог болып бастады.

2008 жылдың шілде айы мен 2012 жылдың тамыз айы аралығында «Ойыл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, «Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы және «Ойыл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы қызметтерін атқарды.

2012 жылдың тамыз айы мен 2014 жылдың наурыз айы аралығында   «Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

2014 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айы аралығында «Ойыл аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы,  2019 жылдың тамыз айы мен 2026 жылдың қаңтар айы аралығында                 Ойыл ауданы әкімінің орынбасары  қызметін атқарды.

2026 жылдың қаңтар айынан бастап осы кезге дейін “Ойыл ауданының мемлекеттік архиві” КММ меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың алғыс хаты және облыс, аудан әкімдерінің алғыс хаттарымен бірнеше рет марапатталған.

2011 жылы облыс әкімі А.Мұхамбетовтың «Үздік мемлекеттік қызметші» номинациясы бойынша «Азаматтық ерлік» белгісімен марапаталған.

2014 жылғы облыстық «Үздік мемлекеттік қызметші» байқауында             ІІ орын иеленген.

2023 жылы ҚР мемлекеттік қызметшілердің кәсіподағының             “Кәсіподақ қайраткері” медалімен марапатталған.

Отбасылы, 5 бала тәрбиелеп отыр.