Архив тарихы

Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві 1923 жылдың 15 қыркүйегінде құрылған кезде Ақтөбе губерниялық архив бюросы болып аталды. Архив құжаттары айғақтағандай, 1921 жылы Ақтөбе губерниялық атқару комитеті барлық мекемелер мен ұйымдардағы архив құжаттарының жағдайы жөнінен мәліметтер алуды жоспарлап, Ақтөбе губерниялық атқару комитетінің 1923 жылғы 12 шілдедегі №67 хаттамасы негізінде архив бюросы құрылды. 1923 жылғы 19қыркүйекте губерниялық атқару комитетінің үкімімен губерниялық архивке Владимирская көшесінен ғимарат беріліп, оның тұңғыш меңгерушісі болып Зибаров Семен Иванович тағайындалды. Архив штаты меңгеруші мен архив ісін жүргізушіден құралды.

Құжаттар барлық мекемелерден өңдеусіз күйінде қабылданды. Тек 1923 жылдың желтоқсан айынан бастап құжаттар тізімдеме бойынша қабылдана бастады. 1927 жылы архивте ұйымдастырушылық жұмыстарды жүргізу кезеңі аяқталды.

1928 жылдың қаңтар айынан бастап Ақтөбе губерниялық архив бюросы әкімшілік-аумақтық бөлініске байланысты Ақтөбе округтік архив бюросы болып өзгертілді.

1930 жылдың желтоқсан айында аудандық әкімшілік-аумақтық бөлініс енгізілгеннен кейін округтік архив бюросы жойылып, оның негізінде Ақтөбе қалалық архив бюросы құрылды. Сол жылы архив бюросына көлемі жағынан үлкендеу ғимарат берілді.

1932 жылдың наурыз айында Ақтөбе облсының құрылуына байланысты, Ақтөбе қалалық архиві негізінде Ақтөбе облысының архиві құрылып, облыстық атқару комитетінің жанынан Ақтөбе облысының архив басқармасы ашылды. Архив басқармасының бірінші бастығы болып Г.Г. Бровков тағайындалды.

1935 жылғы 3 наурыздағы, 1938 жылғы 14 тамыздағы, 1948 жылғы 27 шілдедегі Ақтөбе облысының жұмысшы, шаруа және қызыл әскерлер депутаттары мен еңбекші халық депутаттарының Ақтөбе облысы Кеңесінің атқару комитеті Президиумының Жарлығына сәйкес, Темір, Шалқар, Жұрын, Қобда, Қарабұтақ, Родник, Мәртөк, Ключевой, Степной, Ойыл аудандарында аудандық архивтер және Ақтөбе қалалық архиві ашылды.

Аудандарда архивтердің құрылуы іс қағаздарының мемлекеттік сақтауға көптеп тапсырылуына жол ашты. 1939-1943 жылдар аралығында архивке келіп түсетін құжаттар саны 28 ден 40 мыңға дейін көбейді. 1943 жылдың басында аудандық архивтер облыстың барлық аудандарында ашылды.

Аз-аздап облыстық мемлекеттік архив штаты өсіп отырды: 1926ж. – 2 бірлік, 1933ж. – 5 бірлік, 1943ж. – 10 бірлік (мемлекеттік архив – 6, архив бөлімі – 4). Бұл кезде мемлекеттік архивтегі құжаттардың саны 38 мың істі құрайтын 249 қорға дейін өсті. 1946 жылдың мамыр айында мемлекеттік архивке көлемі 600 шаршы метрді құрайтын ғимарат беріліп, бұл жағдай қабылданатын құжаттар құрамының толыға түсуіне ықпал етті.

ССРО Кеңесі Жоғарғы Президиумының 1938 жылғы 16 сәуірдегі Жарлығына сәйкес, Ақтөбе облысының атқару комитеті 1938 жылдың 28 қыркүйегінде шешім қабылдап, сол бойынша Ақтөбе облыстық Ішкі істер халық комиссариаты басқармасының бағыныштылығына көшті.

ССРО Халық комиссарлары Кеңесінің 1945 жылғы 2 қыркүйектегі №13092-р өкімінің және Қазақ ССР ІІХК 1946 жылғы 1 ақпандағы №585 бұйрығының негізінде КСРО мемлекеттік архивтері ғылыми-зерттеу мекемелерінің қатарына енгізілді.

ССРО Министрлер Кеңесінің 1958 жылғы 13 тамыздағы қаулысымен «КСРО Мемлекеттік архив қоры туралы Ереже» бекітілді. Осы Ережені бекітумен қатар, КСРО архив басқармасы жүйесін қайта құру қажеттілігі туындады.

Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1960 жылғы 17 шілдедегі №548 қаулысына, Ақтөбе облыстық атқару комитетінің 1960 жылғы 23 шілдедегі №213 шешімімен Ішкі істер басқармасының архив бөлімі мен Ақтөбе облысының Мемлекеттік архиві Ақтөбе облысының атқару комитетіне қайтарылды.

Батыс Қазақстан өлкесі құрылып, құрамына Ақтөбе, Гурьев, Орал облыстары кіргеннен кейін, Батыс Қазақстан өлкесінің еңбекші депутаттар Кеңесі атқару комитетінің 1962 жылғы 6 шілдедегі №34 шешімімен, Ақтөбе облысының атқару комитетінің жанындағы архив бөлімі мен Ақтөбе облысының мелекеттік архиві Батыс Қазақстан өлкесінің мемлекеттік архиві болып қайта құрылды.

Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1963 жылғы 21 мамырдағы №104 Қаулысы негізінде барлық аудандық архивтер жойылды. Батыс Қазақстан өлкесі Еңбекші депутаттар кеңесі атқару комитетінің 1963 жылғы 6 маусымдағы №265 шешімімен Байғанин, Шалқар, Темір, Жұрын, Ырғыз, Темір аудандарының архивтері негізінде Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінің Шалқар филиалы құрылды.

Батыс Қазақстан өлкесінің жабылуына байланысты, Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1964 жылғы 23 желтоқсандағы №864 қаулысымен Батыс Қазақстан өлкесі комитетінің жанындағы архив басқармасы Ақтөбе облысы атқару комитетінің жанынан архив бөлімі болып, ал Батыс Қазақстан өлкелік архиві Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві болып қайта ұйымдастырылды.

Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1966 жылғы 11 қаңтардағы №22 қаулысымен Ново-Алексеевка филиалы құрылды. Оның қызмет көрсету аймағы Мәртөк, Ойыл, Қобда аудандары болды. Сол жылы облыстық мемлекеттік архив жанынан мемлекеттік сақтауға түскен құжаттарды реттеп, тапсыру жұмыстарын атқаратын шаруашылық есеп тобы құрылды.

1987 жылы облыстағы архив қызметі мекемелерінің желісі жеке құрам бойынша ведомствоаралық шаруашылық есептегі архивтерді ұйымдастыру арқылы кеңейді.

Ақтөбе облысы халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің 1985 жылғы 9 қазандағы №446 шешімімен және Ақтөбе қалалық халық депутаттары Кеңесі атқару комитетінің 1986 жылғы 2 шілдедегі №519 шешімі бойынша Ақтөбе қаласында жеке құрам бойынша шаруашылық есептегі қалалық архив құрылды.

Кейінірек жеке құрам бойынша шаруашылық есептегі аудандық архивтер құрылды:

1987 жылғы 16 сәуірдегі Алға аудандық атқару комитетінің №106 шешімімен Алға аудандық архиві;

1988 жылғы 11 ақпандағы Новоросей аудандық атқару комитетінің №62 шешімімен Новоросей аудандық архиві;

1988 жылғы 5 мамырдағы Мәртөк аудандық атқару комитетінің №141 шешімімен Мәртөк аудандық архиві;

1989 жылғы 19 желтоқсандағы Ленин аудандық атқару комитетінің №336-р шешімімен Ленин аудандық архиві;

1990 жылғы 19 шілдедегі Ойыл аудандық атқару комитетінің №147 шешімімен Ойыл аудандық архиві;

1993 жылғы 19 мамырдағы Ақтөбе облысы әкімшілігі басшысының №401 шешімімен Мұғалжар аудандық архиві;

1993 жылғы 23 қырқүйектегі Ақтөбе облысы Әкімдігінің №529 шешімімен Темір аудандық архиві;

1996 жылғы 12 сәуірдегі Ырғыз ауданы Әкімінің №50 шешімімен Ырғыз аудандық архиві;

2005 жылғы 18 наурыздағы Ақтөбе облысы Әкімінің №85 шешімімен Әйтекеби аудандық архиві.

1991 жылғы 25 тамыздағы Қазақ ССР Президенті Жарлығымен, Қазақ ССР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 30 тамыздағы «Қазақ ССР аумағындағы Кеңес Одағы Коммунистік Партиясының мүлкі туралы» Қаулысымен және Ақтөбе облысы атқару комитетінің 1991 жылғы 21 қазандағы №288 шешімі негізіндеАқтөбе облысы партия комитетінің партия архиві Ақтөбе облысы мемлекеттік архивінің филиалы болып қайта құрылды.

Облыстық атқару комитеті архив бөлімінің 1992 жылғы 24 желтоқсандағы №54 бұйрығымен, Ақтөбе облысы мемлекеттік архивінің қоғамдық-саяси өмірі бөлімі болып қайта құрылды, оның ғимараты, 1630 қор (269748 бірл.) облыстық архивтің басқа бөлімдерінің құрамына қосылып, облыстық мемлекеттік архивке сақтауға берілді.

1996 жылғы 29 қазандағы ҚР Президентінің «Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетілдіру және мемлекеттік органдардың санын қысқарту туралы» №3168 Жарлығымен, Ақтөбе облысы Әкімінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы №429 шешімімен Ақтөбе облысының архивтер мен құжаттама Басқармасы қысқартылып, мүлікті басқару қызметі мен оның өкілеттіктері Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивіне берілді.

1997 жылғы 28 наурыздағы Ақтөбе қаласы Әкімінің №346 шешімімен жеке құрам бойынша қалалық архив қысқартылып, оның қызметі мен өкілеттіктері, 90 қор (27037 бірл.) Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивіне берілді.

Ақтөбе облысы Әкімінің 1999 жылғы 8 желтоқсандағы №204 шешімімен «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттаманы басқару» ММ болып қайта құрылды. (2005 жылғы 18 сәуірден бастап «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасы» ММ деп аталатын болды).

Ақтөбе облысы Әкімінің 01.07.2013 жылғы «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы туралы» №206 Қаулысы негізінде «Ақтөбе облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы» ММ Ақтөбе облысының мәдениет басқармасымен бірігіп, «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы» ММ болып қайта ұйымдастырылады.

«Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы» ММ-сі Ақтөбе облысында мұрағат саласын басқару жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

«Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағаты» ММ өз қызметінде «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы» ММ бағынышты болып табылады.

Ақтөбе облысы әкімшілігінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы №423 Қаулысымен «Ақтөбе облысының мемлекеттік мұрағаты» ММ-сі «Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы» ММ-сі «Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві» КММ-сі болып қайта құрылды.

Қазіргі таңда Ақтөбе облысында 13 архив мекемесі қызмет етеді. Олар:

«Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві» КММ;

«Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Қобда аудандық филиалы;

«Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Шалқар аудандық филиалы;

«Алға аудандық мемлекеттік архиві» КММ;

«Әйтеке би аудандық мемлекеттік архиві» КММ;

«Байғанин аудандық мемлекеттік архиві» КММ;

«Ырғыз аудандық мемлекеттік архиві» КММ;

«Қарғалы аудандық мемлекеттік архиві» КММ;

«Мәртөк аудандық мемлекеттік архиві» КММ;

«Мұғалжар аудандық мемлекеттік архиві» КММ;

«Темір аудандық мемлекеттік архиві» КММ;

«Ойыл аудандық мемлекеттік архиві» КММ;

«Хромтау аудандық мемлекеттік архиві» КММ.

Қазіргі таңда «Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің штатында 48 адам қызмет етеді, оның ішінде маманы-29 адам; 709878 сақтау бірлігін құрайтын 1617 қор сақталуда.