Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің 50 жылдығы

12.02.2024

2024 жылғы 7 ақпан күні Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің құрылғанына 50 жыл толуына арналған «Ғылыми-техникалық құжаттама – ғылыми прогрестің негізі» атты дөңгелек үстел форматындағы халықаралық кездесу іс-шарасы өтті.
Аталмыш іс-шараға архив саласының ардагерлері, тарихшылар, ЖОО оқытушылары, магистранттар мен студенттер, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, барлық өңірдің архив мекемелерінің мамандары қатысып, архив ісі саласындағы ынтымақтастықты дамыту бағытында тәжірибе алмасты.
Халықаралық кездесу іс-шарасына қатысқан Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің ұжымы атынан құттықтап жылы лебізін білдіріп, Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің ұжым қызметкерлеріне архив қызметін дамытуда үлкен жетістіктер, биік белестер мен толағай табыс тіледі.