Қарғалы ауданының архиві

«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің
«Қарғалы ауданының мемлекеттік архиві» КММ

Мекен-жайы: Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Цыбульчик көшесі-2
Байланыс телефоны: 8 (71342) 22-4-96
E-mail: kargala.archiv@mail.ru
Жұмыс уақыты: 9:00 – 18:00
Үзіліс: 13:00 – 14:00
                                                          Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

Архив меңгерушісі – Танабергенова Жанслу Аккажиқызы, осы қызметте 1998 жылдың мамыр айынан бастап атқарады.  11.12.2021жылы  «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен наградталды, Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасынің алғыс хатымен,  Ақтөбе облыстық мәдениет және спорт кәсіподақ ұйымының құрмет грамотасымен марапатталған. Архив штатында тағы екі қызметші – архившілер Гутче Н.Д. және Халиуллина А.А. қызмет етеді. Архив қызметкерлері үнемі өз кәсіби деңгейлерін жаңа нормативтік құжаттаманы зерттеу және өткізілетін аудандық, облыстық семинарларға қатысады.

Қазірге таңда архивте 59  қордың 1936-2015ж.ж. 22218 құжаттары сақталуда, оның ішінде  8413  басқару құжаттары және 13805 жеке құрам бойынша құжаттары. Ол мемлекеттік мекемелер, бұрынғы колхоз, совхоз, ұйым, кәсіпорын, ЖШС-нің құжаттары.

Архивте 1905-1939жж. сақтауда  метрикалық кітаптары бар, олар архив үшін неғұрлым құнды құжаттар.

Ерекше мәні бар құжаттар бұрынғы Кимперсай кен басқармасының комбинаты «Южуралникель»- бұл 1941-1998 жылдарға арналған жеке құрам бойынша бұйрықтар, 1941-1998 жылдарға арналған еңбек ақылары есептеу құжаттары, бұрынғы комбинат жұмысшыларының жеке істер.

1943 жылдың 23 мамыр айында кен өндіруге НКВД қарамағынан Актюбкомбинатынан  «Южуралникелькомбинатына» арналған жұмысқа немістер әкелінді.

Кимперсайс кен басқармасының «Южуралникелькомбинат» негізгі міндеті мен функциясы – тау-кен өндіру. Кенді тиеп-жөнелту және барлық жұмыстар өндіру қолмен жүргізілді, және тек 1945 жылы тау техникасы түсті. Дамуымен кен базасын салды, жұмысшылар ауылы жақсы жабдықталған. Мұнда күрделі қосалқы шаруашылық, автоматты телефон байланысы құрылды , мектептер мен балалар мекемелері, аурухана қалашығы, клуб, стадион мен спорт залы салынды.

Кимперсай кен басқармасы өзімен ірі тау-кен кәсіпорны тудырды, жоғары өнімді техникамен жабдықталған болатын.

Архивке әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрау салулар түседі, олар бойынша архив «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру»мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Архив қызметкерлері азаматтардың, мекемелер мен ұйымдардан түскен Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінен, жақын және алыс шетелдерінің сұрау салуларды  ынтамен, сапалы және толық көлемде орындайды.