«Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві» КММ Қобда филиалы

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің Қобда филиалының директоры

Зейнекешова Балауса Жұмамұратқызы

Жұмыс кестесі: 9:00 – 18:00, (дүйсенбі-жұма)                                      Түскі үзіліс: 13:00-14:00
Жұмыс тел.: 8 (71341) 2-13-97
Мекен-жайы: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылы, Иманов көшесі, 33.
Эл.почта: arhiv.kobda@mail.ru

«Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві» КММ Қобда филиалы 1966 жылы 11 қаңтар күні ашылды. 53 жыл тарихы бар Қобда филиалында 1922 – 2004 жылдар аралығында Қобда, Ойыл, Мартук, Исатай аудандарының 403 қорда 60715 іс сақтау бірліктері бар. Соның ішінде тұрақты сақтау бірлігі – 48364, жеке құрам бойынша – 12351 іс сақталуда.

2018 жылы «Жүз жаңа есім» бағдарламасы аясында Жеке тектік қор құжаттары бойынша – 402 – ші қор Исмагамбетова Любовь Кабулгужиевна Қобда ауданының тұрғыны «Лучшие люди» дүние жүзілік энциклопедиясына кірген азаматша, және 403 – қор Қобда ауданының «Еңбек ардагерлері» коллекциясы бойынша депутат, сауыншы «Красный Пахарь» колхозының тұрғыны Абенова Л.Т. және ардагер ұстаз Қаратал ауылында еңбек еткен Қанатбаев Е.М. азаматтардың құжаттары қабылданды. Жеке тектік қорлар бойынша – 1 видио, 33 фото құжат бар. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 23 істің 3204 бетінің көшірмесі жасалды және 35 қордың , 1432 іс тізімдемелері Орталық қор каталогына енгізілді.

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің Қобда филиалының директоры Зейнекешова Балауса Жұмамұратқызы,  05.09.1981 жылы туылған.

Білімі: Жоғары. 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолы:2021-2022ж.ж. Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің Қобда филиалының архивисті, 2022 жылдың сәуірінен бастап филиал директоры қызметін атқаруда.