Алға ауданының архиві

«Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ
«Алға аудандық мемлекеттік архиві» КММ

Мекен-жайы: 030200, Ақтөбе облысы Алға қаласы,4 мөлтекауданы,3
Байланыс телефоны: 8 (71337) 4-33-50                                                                                                                        Е-майл: arhiv.alga@mail.ru
Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма, 09:00 – 18:00
Түскі үзіліс: 13.00 – 14.00

Архив меңгерушісі –Изтлеуова Акалма Бисенкызы, осы қызметті 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап атқарады. Архив штатында тағы 2 маман –архивисттер  Кайшигарина А.К., Алгалиева А.С. қызмет етеді. Архив қызметкерлері өз кәсіби деңгейін жаңа нормативтік құжаттаманы зерттеу және аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық семинар мен конференцияларға қатысу арқылы үнемі жоғарлатуда.

Алға аудандық архиві 1987 жылдың 16 сәуірінен бастап жұмыс жасап келеді.Қазіргі таңда архивте 93 қордың 1931 – 2020 жж. 34681  құжаттары сақталуда, оның ішінде 16079 басқару құжаттамасы және 18602 жеке құрам бойынша құжаттар.  Аудан архиві сақтауында аудандық және ауылдық кеңестері мен округтерінің, аудандық білім беру,  аудандық аурухана,мәдениет, колхоз,совхоздардың, аудан мекемелері мен кәсіпорындарының құжаттары.

Жылдан жылға архивке келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық сұраныстар саны көбеюде. Бұлар бойынша архив «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындайды.

Жұмыстағы қиыншылыққа қарамай архив қызметкерлері еліміздің және жақын, алыс шет елдерінің азаматтарынан, мекемемелерінен келіп түсетін сұраныстарды толық, сапалы және уақытылы орындауға тырысады.