Жаңалықтар

«Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың негізгі бағыттарын түсіндіру»

23.07.2026

2026 жылдың 23 шілдесінде Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві ғимаратында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілі Е.Байниязов және облыстық, аудандық мемлекеттік архивтерінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша негізгі бағыттарын түсіндіру» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, оларды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уақтылы әрі сапалы көрсету, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Кездесу соңында департамент өкілі қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірмелер ұсынды.