Жаңалықтар

Қостанай облысының мемлекеттік архивінің 100 жылдығы

27.12.2023

2023 жылғы 22 желтоқсанда Қостанай қаласында «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» ҚР Заңының қабылданғанының 25 жылдығына және Қостанай облысының архив қызметінің 100 жылдығына арналған «Архив-тарихтың ажырамас бөлігі» атты раус-бағдарламасы өтті. Аталмыш шараға Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М. Тулебай және Ойыл ауданының мемлекеттік архивінің меңгерушісі А.Пангереев пен Ырғыз ауданының мемлекеттік архивінің меңгерушісі А.Күнтуарұлы қатысып, архив ісі саласындағы ынтымақтастықты дамыту бағытында тәжірибе алмасты.
Мерейтойлық іс-шара аясында қызметкерлеріміз бірегей архивтік құжаттар базасында «Ғасырлық архив жолы», «Тарих-архив құжаттарында», «Қостанай жерінің мақтанышы!» көрмелерімен танысып, Қостанай облысы архив қызметінің 100 жылдығына арналған деректі фильм көрсетілімін тамашалады.
Салтанатты іс-шара барасында «Архив ісін дамыту және цифрлық технологияларды енгізу проблемалары мен перспективалары» дөңгелек үстелі мен «Голод: Страницы истории Кустанайского региона» құжаттар мен материалдар жинағы тұсаукесерінің куәсі болды.
Сондай-ақ, Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай «Қостанай облысының архив қызметіне-100 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.
Салтанатты шарадан кейін пленарлық мәжіліс отырысында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай «Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қоры шетелден әкелінген құжаттармен толықты» тақырыбында баяндама жасап, Қостанай облысының мемлекеттік архив қызметкерлерін мерейтойларымен құттықтап жылы лебізін білдірді.