Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің және Атырау облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен 2024 жылдың 11 қазан күні, Атырау қаласында «Ведомстволық деңгейде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбында өңірлік семинар өтті.
Аталмыш семинарға Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Бабасова Аглен Мырзабаевна, архивист маман Дайынова Әсем Омарқызы, Әйтеке би аудандық архивінің меңгерушісі Мамбетова Гүлзат Бокенбаевна және Ырғыз аудандық архивінің архивист маманы Ермаханов Ербол Қожабергенұлы қатысты.
Семинар барысында облыстық архивтің бөлім басшысы А.М.Бабасова «Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің жинақтау дереккөздері болып табылатын ведомстволық архивтердегі проблемалық мәселелер» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар, семинарға барлық өңірлердің архив мекемелерінен жиналған мамандары өздеріне қажетті ақпарат алып, біліктіліктерін арттырып, өзара тәжірибе алмасты.