Жаңалықтар

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ Заңы бойынша түсіндірме жұмысы

01.02.2024

2024 жылдың 01 ақпан күні Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің және оның Қобда, Шалқар филиалдары басшылары мен қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ Заңы бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.

Сонымен қатар, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы «Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексін бекіту туралы» №342 бұйрығына сәйкес, азаматтық қызметшілер өзінің қызметтік міндеттерін адал атқаруы, еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауы, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануы, жоғары моральдық және адамгершілік өлшемшарттарға сай болуы, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауы, өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан сынға ұшырамауға, сын айтқаны үшін қудалауға жол бермеуі, адал, әділ, қарапайым болуы, жалпы қабылданған моральдық-әдеп нормаларын сақтауы, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуы, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға және заңнамада белгіленген тәртіппен оның алдын алу бойынша шаралар қабылдауға, лауазымдық міндеттеріне сәйкес болуы, әдептілік танытуға, пара алуға байланысты пікірлерге және әрекеттерге не парақорлыққа делдал болуға жол бермеуі, азаматтық қызметшінің лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты мінез-құлықтан және өзге де заңсыз әрекеттерден аулақ болуы тиіс екендігі қосымша түсіндірілді.