Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің 100 жылдық мерейтойы

11.09.2023

2023 жылдың 8-9 қыркүйегінде Петропавл қаласында өткен Солтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік архивінің 100 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған «Архив-тарихтың қымбат қазынасы» атты салтанатты іс-шарасына Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры Тулебай Марат Тулебайұлы мен  облыстық архивтің маманы Алдамжарова Айгүл Нұрмашқызы қатысты.

Салтанатты іс-шара барасында «Архив ісінің негізгі мәселелерін талқылау және архив заңнамасын жетілдіру» атты секциясының жұмыстарымен  танысып, әріптестермен тәжірибе алмасты.

Сонымен қатар, ел игілігі үшін аянбай қызмет етіп жүрген әріптестерге Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің ұжымы атынан Марат Тулебайұлы құттықтау лебізін білдірді.