Әйтекеби ауданының архиві
«Ақтөбе облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің«Әйтеке би ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Мекен жайы: 030100, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы, Темірбек Жүргенов ауылы, Ыбырай Алтынсарин көшесі 6 үй
Байланыс: тел/факс 8 (71339) 2-15-21
эл.пошта: arhiv.aitekebi@mail.ru
Жұмыс режімы: 09.00:18:00
Түскі үзіліс: 13.00 – 14.00
Архив меңгерушісі – Аманжолова Гульмира Маратовна, осы қызметті 2014 жылдың маусым айынан бастап атқарады. Архив штатында тағы 2 қызметші – архивистер Салыкбаева К.А. және Мамбетова Г.Б. қызмет етеді. Архив қызметкерлері өз кәсіби деңгейін жаңа нормативтік құжаттаманы зерттеу және аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық семинар мен конференцияларға қатысу арқылы үнемі жоғарлатуда.
Қазіргі таңда архивте 41 қордың 1935 – 2021 жж. 9915 құжаттары сақталуда, оның ішінде 4231 басқару құжаттамасы және 5130 жеке құрам бойынша құжаттар. 14 жеке тектік құжаттар, 540 фото құжаттар сақталған. Бастапқы құжаттар 1935 – 1936 жж. азаматтық хал Актілерін Жазу бюросының, сондай-ақ 1955 жылдан 1999 жж. құрылған совхоз құжаттары.
Комсомол, Қарабұтақ аудандық атқару комитетінің 1956 – 1997 жж., Әйтеке би ауданының Прокуратура, соттың 1979 – 2015 жж., Қарабұтақ аудандық аурухананың 1952 – 1997 жж., Әйтеке би орталық аудандық ауруханасының 1966 – 2005 жж., Әйтеке би ауданының Әкім Аппаратының, мәслихатының 1990 – 2015 жж. құжаттары т.б. сақтауда бар.
Осы құжаттар архив үшін бағалы құжаттар болып саналады.
Жылдан жылға архивке келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық сұраныстар саны көбеюде. Бұлар бойынша архив «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетеді.
Жұмыстағы қиыншылыққа қарамай архив қызметкерлері еліміздің және жақын, алыс шет елдерінің азаматтарынан,мекемемелерінен келіп түсетін сұраныстарды толық, сапалы және уақытылы орындауға тырысады.