Хромтау ауданының архиві

«Ақтөбе облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің
«Хромтау ауданының мемлекеттік архиві» КММ

Мекен жайы: 031100, Ақтөбе облысы Хромтау қ. Ә. Молдағұлова көшесі,7
Байланыс: тел/факс 8 (71336) 2-17-89
эл.мекенжайы: arhivkhromtau@mail.ru
Жұмыс басталуы: 09.00
Түскі үзіліс: 13.00 – 14.00
Жұмыс аяқталуы: 18.00

Архив меңгерушісі – Бектурганова Асия Даулеткерейқызы, осы қызметті 2014 жылдың қыркүйек айынан бастап атқарады. Архив штатында тағы 2 қызметші – архивистер Кудайбергенова Ж.Б. және Абиева Ж.С. қызмет етеді. Архив қызметкерлері жаңа нормативтік құжаттарды зерделеп, өткізілетін аудандық шараларға қатыса отырып, өздерінің кәсіби деңгейін үнемі жоғарылатады.

Қазіргі таңда архивте 98 қордың 1929 – 2012жж. 41598 құжаттары сақталуда, оның ішінде 17249 басқарма құжаттамасы және 24349 жеке құрам бойынша құжаттар. Жылдан жылға архивке келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық сұраныстар саны көбеюде. Бұлар бойынша архив «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындайды.

Жұмыстағы қиыншылыққа қарамай архив қызметкерлері еліміздің және жақын, алыс шет елдерінің азаматтарынан,мекемемелерінен келіп түсетін сұраныстарды толық, сапалы және уақытылы орындауға тырысады.