АОМА Қобда филиалы

«Ақтөбе облысының Мемлекеттік архиві» КММ Қобда филиалы

Жұмыс кестесі: 9.00 – 13.00, 14.00 – 18.00
Жұмыс тел.: 8 (71341) 2-13-97
Мекен-жайы: Қобда ауданы, Қобда ауылы, Иманов 33 көшесі
Эл.почта: arhiv.kobda@mail.ru

«Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві» КММ Қобда филиалы 1966 жылы 11 қаңтар күні ашылды. 53 жыл тарихы бар Қобда филиалында 1922 – 2004 жылдар аралығында Қобда, Ойыл, Мартук, Исатай аудандарының 403 қорда 60715 іс сақтау бірліктері бар. Соның ішінде тұрақты сақтау бірлігі – 48364, жеке құрам бойынша – 12351 іс сақталуда.

2018 жылы «Жүз жаңа есім» бағдарламасы аясында Жеке тектік қор құжаттары бойынша – 402 – ші қор Исмагамбетова Любовь Кабулгужиевна Қобда ауданының тұрғыны «Лучшие люди» дүние жүзілік энциклопедиясына кірген азаматша, және 403 – қор Қобда ауданының «Еңбек ардагерлері» коллекциясы бойынша депутат, сауыншы «Красный Пахарь» колхозының тұрғыны Абенова Л.Т. және ардагер ұстаз Қаратал ауылында еңбек еткен Қанатбаев Е.М. азаматтардың құжаттары қабылданды. Жеке тектік қорлар бойынша – 1 видио, 33 фото құжат бар. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында 23 істің 3204 бетінің көшірмесі жасалды және 35 қордың , 1432 іс тізімдемелері Орталық қор каталогына енгізілді.

Бүгінгі таңда Қобда филиалының директоры Ещанова Нурбибе Амириевна 05.03.1973 жылғы, еңбек өтілі 29 жыл (соның ішінде Қобда филиалының архивінде 14 жыл, 1990 – 2005 жылдар аралығында білім саласында, 2005 – 2009 жылдар аралығы мұрағатшы,2009 жылдан бастап, бүгінгі таңда Қобда филиалының директоры) болвп еңбек етудемін.

2013 жылы «Ақтөбе облысының мұрағаттар және құжаттама басқармасының» бастығы Қ.Елеусіздің, 2016 жылыҚобда ауданының әкімі А.Жүсібалиевтің – Алғыс хатымен, 2018 жылы ҚР мәдениет және спорт министірі А.Мұхамедиұлының – Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марпатталдым.