Алға ауданының архиві

«Ақтөбе облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ
«Алға аудандық мемлекеттік архиві» КММ

Мекен-жайы: Алға қаласы, 4 мөлтек аудан, 3 үй
Байланыс телефоны: 8 (71337) 4-33-50
Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма,
09.00 – 18.00 / 13.00 – 14.00 түскі үзіліс
Е-майл: arhiv.alga@mail.ru
меңгеруші м.а.: Нурбатырова Асылай Нуратдиновна

Алға қаласы және Алға ауданына қарасты мекемелер, ұйым, кәсіпорындардың архивтік құжаттарын сақтандыру, орталықтандырылған түрде сақтау және пайдалану мақсатында Қазақ КСР министрлер кеңесінің 1985 жылғы 15 шілдедегі №248 «республикасында мұрағат ісінің жай-күйі туралы және одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар» Қаулысынына сәйкес, 1985 жылдың 9 қазанында облыстық атқарушы органның № 446 шешіміне негізделе, Алға аудандық халық депутаттары кеңесінің атқарушы комитетіне қарасты жеке құрам бойынша Алға аудандық шаруашылық есептегі архив құрылды. Архив КСРО Мемлекеттік архивтік қорының ережесімен келісе, КСРО министрлер кеңесінің 1980 жылдың 4 сәуіріндегі № 274 Қаулысымен бекітіліп, КСРО мемлекеттік архив қызметінің бірлескен жүйесіне енді. Алға аудандық жеке құрам бойынша архив 1987 жылдың 16 сәуірінен бастап жұмыс жасап келеді.

Архив ісінің негізгі міндеті: Алға ауданына қарасты мекемелердің құжаттарын жинақтау, орталықтандырып сақтау; сақталған құжаттарды жеке және заңды тұлғалардан түскен әлеуметтік-құқықтық, халықтық-шаруашылық және басқа сипаттағы сұраныстарды қанағаттандыру үшін қолдану.

Архив өзіне жүктелген міндеттерге сүйеніп:

  • мұрағатты жинақтау көздері болып табылатын мекемелердіңтізімін жүргізеді, сақталатын құжаттардыесепке алуды жүзеге асырады;
  • Алға ауданының Мемлекеттік мұрағатынақабылданған құжаттардың жай-күйімен көлеміне қатысты мәліметтерді ұсынады;
  • қабылданған құжаттардыңтолық сақталуын қамтамасыз етеді, санитарлық-гигиеналық, жарық және температуралық-ылғалдық режимдіұстап тұру үшін қажетті іс-шараларды жүргізеді;
  • белгіленген тәртіппенжеке және заңды тұлғалардан түскен сұраныстарға мұрағаттық анықтамалар,құжаттардың көшірмелері мен олардан үзінділер беру, архивте сақталып тұрған құжаттарды мүдделі мекемелергеуақытша пайдалануға беруді ұйымдастырады; жеке және заңды тұлғаларды құжаттардың орналасқан жерімен ақпараттандырады және т. б.