Жаңалықтар

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

07.11.2022

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Д.Ә.Абаевтың қатысуымен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті мен ҚР Ұлттық архивінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 4 қараша күні, Астана қаласында «Шетелдегі Қазақстанға қатысты құжаттарды анықтау, көшіру, цифрлау және жариялау проблемалары мен перспективалары» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай қатысты.

Конференция барысында архив ісі саласында нәтижеге қол жеткен қарқынды істер мен болашақта жүзеге асырылатын бірқатар жобалар туралы айтылып, өзекті мәселелер талқыланды.