Жаңалықтар

Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

20.12.2022

2022 жылдың 20 желтоқсан күні, Шымкент қаласында «Архившілер күні» мерекесіне орай, «Шетел архиві деректеріндегі Қазақстан тарихы: мәселе  және жобалар» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай қатысты.

Конференция барысында іздеу-зерттеу жұмыстарын жүргізу, құжаттарды зерттеу, тасымалдау әдістерімен бөлісу және шетелдік, отандық архивтерінен алынған деректерді ғылыми айналымға енгізу, оларды барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері және цифрлық трансформациялау міндеттері талқыланды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қ.Бораштан  Алға ауданының мемлекеттік архивінің меңгерушісі А.Изтлеуова «Архив саласының үздігі» төс белгісімен марапатталды. Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві ұжымының атынан әріптесімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Архив саласындағы қызметіңізге толағай табыс, зор денсаулық, отбасыңызға береке-бірлік тілейміз.