Жаңалықтар

«Архившілер күні» кәсіби мерекесіне орай архив қызметкерлерін «Құрмет грамоталарымен» және «Алғыс хаттарымен» марапаттау

22.12.2022

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде 2022 жылдың 22 желтоқсан күні «Архившілер күні» кәсіби мерекесіне арналған «Архив – құнды қазына» атты іс-шара өткізілді.

Шара барысында «Архившілер кәсіби шеберліктері мен Тәуелсіз мемлекетіміздің тарихының сақталуы мен құнды құжаттарды келешек ұрпаққа мұра етіп жеткізуде өлшеусіз еңбек етіп келе жатқан Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері Ақтөбе облысы мәслихатының хатшысы А.Нугмановтың атынан «Құрмет грамоталарымен», «Алғыс хаттарымен», Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы А.Юнисованың атынан және «Қазақстан салалық, мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Н.Табылдинованың атынан «Алғыс хаттарымен» марапатталды.

Сонымен қатар, шараға қатысушы қоғам белсенділері және зиялы қауым өкілдері «Архив ісінің жетістіктері» туралы фото көрме және «Архив-2025» жобасы аясында «Шетелдік архивтердегі құнды құжаттар» атты құжаттық көрмесімен таныстырылып, «Архив – халық тарихының тағылымы» тақырыбындағы архив қызметкерлерінің бейнеролигін тамашалады.

Құрметті архив қызметкерлері! Кәсіби мерекеміз құтты болсын!

Абыройлы архив ісінің дамуы үшін атқарып жатқан қызметтеріңізге үлкен жетістіктер, биік белестер, мықты денсаулық тілейміз!