Жаңалықтар

Архивист мамандарының біліктілігін арттыру

17.10.2022

2022 жылдың 13-14 қазан күндері, Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің Мемлекеттік және ведомстволық архив қызметкерлерінің біліктілігін арттыру орталығында «Архив ісі саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» тақырыбында өткен курсқа Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің архивист қызметкері Ж.Н.Ажигалиева, Алға аудандық мемлкеттік архивінің меңгерушісі А.Б.Изтлеуова және Байғанин аудандық мемлекеттік архивінің меңгерушісі М.Ж.Туленов қатысты. Қатысушыларға оқудан өткендігі туралы сертификаттар табысталды.