Жаңалықтар

«Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» АЖ бойынша оқыту

15.11.2022

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің  ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 14-15 қараша аралығында, Ақтөбе қаласында  «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесінің пайдаланушыларына офлайн форматында оқыту жұмыстары өткізілді.

Осы іс-шараға Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері қатысып, өз ойларымен бөлісіп, қажетті тәжірибе алды.