Мәртөк ауданының архиві

«Ақтөбе облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің
«Мәртөк ауданының мемлекеттік архиві» КММ

Мекен жайы: 030600, Ақтөбе облысы Мәртөк а. Есет Көкіұлы көшесі, 92
Байланыс: тел/факс 8 (71331) 3-10-72
эл.мекенжайы: arhivmartuk@mail.ru
Жұмыс басталуы: 09.00
Түскі үзіліс: 13.00 – 14.00
Жұмыс аяқталуы: 18.00

Архив меңгерушісі – Жамбусынова Нұргүл Ағымбайқызы, осы қызметті 2008 жылдың ақпан айынан бастап атқарады. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алғыс хатымен, «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған. Архив штатында тағы 2 қызметші – мұрағатшылар Закирзянова А.И. және Жанзакова Ж.Б. қызмет етеді. Архив қызметкерлері өз кәсіби деңгейін жаңа нормативтік құжаттаманы зерттеу және аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық семинар мен конференцияларға қатысу арқылы үнемі жоғарлатуда.

Қазіргі таңда архивте 117 қордың 1927 – 2010жж. 32520 құжаттары сақталуда, оның ішінде 9653 басқару құжаттамасы және 22857 жеке құрам бойынша құжаттар. 26 қордың тізімдемелері Орталық қор каталогына еңгізілді. 117 қордың 8 қоры – жеке тектік қорлар, оның ішінде: жеке құрам бойынша шаруашылық есептегі Мәртөк архивінің бірінші басшысы Цыба Ф.А., мәртөктік ақын Жанғалиев С.Ж., еңбегі сіңген мұғалім, «Мәртөк вальсінің» авторы Ділмағамбетов Р.Ж, мәртөктік ҰОС ардагерлері Күзбаев М.Қ. және Чучвага Г.Н. қорлары. Жақында архив еңбегі сіңген мұғалім Қ.Ш. Сүінғалиеваның жеке тектік қорын қабылдады. Осы құжаттар және шіркеулердің метрикалық кітаптары ең бағалы құжаттар болып саналады.

Архив ауданның тарихын қалыптастыру мақсатында Ресей және Украина архивтермен хат алысып тұрады. Мысалы, Ресей мемлекеттік әскери архивтен, Полтава облысының, Орынбор облысының Первомай архивінен құжаттар алынды. Жылдан жылға архивке келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық сұраныстар саны көбеюде. Бұлар бойынша архив «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындайды.

Жұмыстағы қиыншылыққа қарамай архив қызметкерлері еліміздің және жақын, алыс шет елдерінің азаматтарынан,мекемемелерінен келіп түсетін сұраныстарды толық, сапалы және уақытылы орындауға тырысады.