Жаңалықтар

Ресей Федерациясында Қазақстанның тарихына қатысты құжаттарды іздестіру мен зерттеу жұмыстары

06.10.2023

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген «Архив-2025» іс-шаралар кешенді жоспарын іске асыру аясында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай, мекеменің ғылыми қызметкері Ж.Сулейменов, Алға ауданының мемлекеттік архивінің меңгерушісі А.Изтлеуова және Мәртөк ауданының мемлекеттік архивінің меңгерушісі Н.Жамбусынова ағымдағы жылдың 25 қыркүйегі мен 05 қазаны аралығында Ресей Федерациясының Башкұртстан Республикасы, Уфа қаласындағы Ұлттық архивінде және Орынбор облысының біріктірілген мемлекеттік архивінде Қазақстанның тарихына қатысты құжаттарды іздестіру мен зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Ғылыми-зерттеу жұмысының басты мақсаты: Жақын және алыс шетелдегі архивтермен ұзақ мерзімде ықпалдастықты нығайту, тәжірибе алмасу, Қазақстанның тарихына қатысты құжаттарды зерттеу, анықтау, сатып алып келу арқылы Ұлттық архив қорын ұлғайту және оларды ғылыми айналымға енгізу болып табылады.