Жаңалықтар

Ұлттық архивтің жинақтау көздері болып табылатын барлық мемлекеттік органдардың және ведомстволық архивтердің құжаттаманы басқару бөлім қызметкерлері мен архивистеріне әдістемелік көмек көрсету бойынша семинар

09.10.2023

Үстіміздегі жылдың 9 қазанында Ақтөбе қаласына іссапармен келген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті» төрағасының орынбасары Қарсақбаева Г.Е., басқарма басшысы Тащанова С.Н., Қазақстан Республикасының Ұлттық  архивінің директоры Нұрланова С.Е., Орталық мемлекеттік архивінің директоры Шілдебай С.Қ., және  Ғылыми техникалық құжаттама архивінің директоры Жұматаева Б.А., басшылық етуімен облыстық тарихи-өлкетану музейінің конференция залында «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесін цифрландырылған құжаттармен толықтыру, архив ісі бойынша қабылданған және өзгертулер мен толықтырулар енгізілген нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру» тақырыбында Ұлттық архивтің жинақтау көздері болып табылатын барлық мемлекеттік органдардың және ведомстволық архивтердің құжаттаманы басқару бөлім қызметкерлері мен архивистеріне әдістемелік көмек көрсету бойынша семинар өтті.

Семинар барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті» төрағасының орынбасары Қарсақбаева Г.Е. және басқарма басшысы Тащанова С.Н. «Архив ісі мен құжаттама саласындағы заңнама нормаларын және нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру» тақырыбында баяндама жасап, өзгертілген заңнамалар мен енгізілген өзгертулерге тоқталып, бағыт-бағдар көрсетті.

Сонымен қатар, іссапармен келген әріптестерімізге облыстық архивтің ғимаратына экскурсия жүргізіліп, архивтің тыныс-тіршілігімен таныстырылды.