Ойыл ауданының архиві

«Ақтөбе облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің
«Ойыл ауданының мемлекеттік архиві» КММ

Мекен жайы: 030900, Ақтөбе облысы, Ойыл а. Жолмырзаев көшесі, 5
Байланыс: тел/факс 8-71332-21052
эл.мекенжайы: uil.arhiv@mail.ru
Жұмыс басталуы: 09.00
Түскі үзіліс: 13.00 – 14.00
Жұмыс аяқталуы: 18.00

Ойыл ауданы бойынша мұрағат мекемесі Халық депутаттары Ойыл аудандық Совет атқару комитетінің 19-шілде 1990 жылғы № 148 шешімімен Ойыл аудандық жеке құрам бойынша шаруашылық есептегі мұрағаты болып құрылған. Ойыл ауданы әкімінің шешімімен аудандық бюджеттің есебіне алынып 1997 жылдың 1-маусым айынан бастап Ойыл аудандық мұрағат мекемесі болып қайта құрылды. 2004 жылдың 01-маусым айынан бастап Ойыл ауданының мемлекеттік мұрағаты болып атауы өзгертілді, Аудандық мемлекеттік мұрағаттарды қаржыландыру облыстық бюджеттің есебіне алынып бағадарлама әкімшілігі облыстық мұрағаттар және құжаттама басқарма бұйрығымен жұмыс жасауда.

Аудандық мұрағат Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22-желтоқсандағы “Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы” Заңының, мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі Республикалық комитетпен облыстық басқарманың шешімдерін, бұйрықтары мен нұсқауларын және мұрағат ісін ұйымддастыруға байланысты ережелері мен нұсқауларды басшылыққа ала отырып халыққа қызмет етуде.

Архив меңгерушісі Абдрахманов Дауылбай Хасенович, осы қызметті 2000 жылдың 03-шілде айынан бастап атқарады. 2005 жылы Қазақстан Республикасы мұрағатшылар қоғамы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Алғыс хатымен, 2008 жылы Қазақстан Республикасының мәдениет және Ақпарат министірлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің құрмет грамотасымен мұрағат ісі саласындағы сіңірген жемісті еңбегі үшін марапатталған, 2011 жылы Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының Алғыс хатымен, 2016 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуілсіздігінің 25 жылдығына Алғыс хатпен, “Ақтөбе облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві” КММ-сінің Рухани жаңғыру бағдарлама аясында берілген Сертификат, Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің архив саласында дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Алғыс хатпен марапатталған.

Архив штатында тағы 2-қызметші архивистер Досымбаева М.Б, және Онгарбаева А.Т. қызмет етеді. Архив қызметкерлері өз кәсіби деңгейін жаңа нормативтік құжаттаманы зерттеу және аудандық, облыстық семинар мен конференцияларға қатысу арқылы үнемі жоғарлатуда.

Қазіргі таңда архивте 62 қордың 1963-2019 жж. 11562 құжаттары сақталуда, оның ішінде 5226 басқару құжаттамасы және 6336 жеке құрам бойынша құжаттар. Аудандық архивының 62 қордың ішінде кәзіргі таңда жойылып ыдырап кеткен жеті совхозының Ойыл қой совхозы, Құрманов атындағы қой совхозы, Берсиев, Жетікөл, Жекенді, Амангелді, Саралжын совхоздарының, Аудандық тұтынушылар қоғамының, Аудандық кеңес атқару комитетінің іс құжаттары сақталуда бар.

Жұмыстағы қиыншылыққа қарамай архив қызметкерлері еліміздің және жақын, алыс шет елдерінің азаматтарынан, мекемемелерінен келіп түсетін сұраныстарды толық, сапалы және уақытылы орындауға тырысады. Жылдан жылға архивке келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық сұраныстар саны кобеюде. “Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелері және архивтік үзінділер” беру қызметтін орындайды. Архив қызметкерлері еліміздің жақын,алыс шет елдерінен, азаматтарынан, мекемелерден келіп түскен сұраныстарын толық, сапалы және уақытылы орындауға тырысады.