Жаңалықтар

2026 жылдың 9 сәуір күні, Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өкілдері мен облыстық, аудандық архив басшылары және қызметкерлерінің қатысуымен «Архив–2025» қорытындысы, архив қызметінің сапасын арттыру және даму перспективалары» тақырыбында офлайн және онлайн форматында облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.

09.04.2026

Семинардың мақсаты: 2025 жылдың жұмыс жоспарының қорытындысы, «Архив-2025» кешенді іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру барысында жүргізілген жұмыс бағыттарының нәтижесі және кездесетін өзекті мәселелерімен бөлісу, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, архив ісінің жағдайы мен даму келешегін талқылау, жаңа жобаларды іске асыру және  тәжірибе алмасу.

Семинар барысында «Архив-2025» кешенді іс-шаралар жоспарының орындалуы мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижелері, облыстық, аудандық архив мекемелерінің жылдық жұмыстарының қорытындылары, мемлекеттік қызмет көрсету бағыты мен сапасын арттыру туралыбаяндалып, қызмет барысында кездесетін өзектімәселелер талқыланып, өзара тәжірибе алмасып, ұсыныс пікірлерімен бөлісті.

Семинарға қатысушыларға Ақ тарының атасы Шығанақ Берсиевтің туғанына -145 жыл толуына орай Ш.Берсиевтің жеке тектік қорлары негізінде дайындалған «Ерлігі мен еңбегі елге еленген» фото көрмесі  ұсынылды.

Семинар соңында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай архив ісі саласында қол жеткен қарқынды істер мен болашақта жаңа әдістермен жүзеге асырылатын бірқатар жобалар туралы айтып, семинардықорытындылады

IMG_3515