Семинар барысында Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Бабасова А.М. презентация негізінде баяндама жасады.
Іс-шарада құжаттарды ведомстволық сақтаудың негізгі міндеттері түсіндірілді. Атап айтқанда, ұйым архивіндегі құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсырғанға дейін олардың түпнұсқалығы мен сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» заңнамасын бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы мәлімет берілді.


