Жаңалықтар

«Ерліктің нышаны – елдіктің ұраны» атты танымдық сағат өткізді.

08.05.2026

Ағымдағы жылдың 8 мамыр күні Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві Ұлы Жеңіс күніне орай №86 Жалпы орта білім беретін мектептің 9 сынып оқушыларына «Ерліктің нышаны – елдіктің ұраны» атты танымдық сағат өткізді.
Шараның мақсаты: Студенттерге Ұлы Отан соғысы жылдарындағы сұрапыл соғыстың қиындықтарын ұғындыру, Ұлы Жеңіске жеткізген, ұрпаққа бейбіт күн мен тыныш өмір
сыйлаған жандардың, Отан үшін кеуделерін оққа тосқан батырлардың, қаза тапқан жауынгерлердің, ержүрек істеріне сый-құрметпен қарауды және Шығанақ Берсиевтің
туғанына 145 жыл толуына орай жер баптаудың дархан байлығын ел игілігіне жарату мақсатында еліміздің айбынын танытып, әлемдік рухын көтерген қадірлі қарттың өмір жолы
мен еңбегі, еселі ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, насихаттау, өскелең ұрпаққа жеткізу болып табылады.

Шара барысында Ақтөбе облысының Кеңес Одағының Батырлары оның ішінде қайсарлығымен әлемді таңқалдырған қаршадай қазақ батыр қызы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерліктің керемет көрінісі болған, өз өлкемізден шыққан Шығыстың батыр қыздарының бірі Әлия Молдағұлованың, жауынгерлік, ержүректілігі мен батырлығына бас ие отырып, архив қорында сақталған жеке тектік қорлары негізінде «Ұлы жеңіс – тарихтың таңбасы» және «Ерлігі мен еңбегі елге еленген» атты фото-құжаттық көрмелермен таныстырылып, ерлікке сай еңбегі баяндалған тарихи маңызы бар құнды құжаттар мен архив деректерінен дайындалған видеороликтер көрсетілді.