Жаңалықтар

і «Ұлы жүректі елін сүйген ерен еңбек» атты дөңгелек үстел өткізді.

30.04.2026

Шараның мақсаты: Жер ананы ерінбей мәпелеп, оның дархан байлығын
ел игілігіне жарату мақсатында еліміздің айбынын танытып, рухын көтеретін
ұлы іс атқарған қадірлі қарт Шығанақ Берсиевтің өмір жолы мен еңбегі, еселі
ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ету, насихаттау, жастарға патриоттық тәрбие беру
және рухани-адамгершілік білімдерін арттыру болып табылады.
Шара барында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде сақталған Ш.Берсиевтің №1251 жеке тектік қор құжаттары негізінде баяндалып, «Ерлігі мен еңбегі елге еленген» атты фото-құжаттық көрме көрсетілді.
Сондай-ақ шара қонақтары «Шығанақ тану» алқасының төрағасы Н.І.Есенғазы, Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық -техникалық колледжінің директорының оқу әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары А.А.Турмаганбетова және колледж ұстаздары тарлан тарышы Ш.Берсиевтің өмірбаяны, ерлігі, еңбегі, тары өсіру, өндіру жолындағы тәжірибелі игі істерінің әдістері туралы естеліктермен бөлісіп, бейнеролик арқылы көрсетіп, таныстырып өтті.
Шара соңында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай шараға қатысқан қонақтарға, ұстаздарға, студенттерге ризашылығын білдіріп, алғысын айтты.