2026 жылдың 14-15 мамыр аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің базасында «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» тақырыбы бойынша 16 академиялық сағат көлемінде біліктілікті арттыру семинары өтті.
Семинарға Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің архивисттері – Б.Танатаркызы, А.Қуандыққызы, Е.Зейінұлы қатысып, кәсіби тәжірибелерін жетілдіріп, қажетті ақпараттармен танысып, семинарға қатысушы мамандармен өзара тәжірибе алмасты.
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілікті арттыру сертификаттары табысталды


