Жаңалықтар

Архив ісі саласында мемлекеттік қызметті алу жолдары

02.02.2024

Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар  «Электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүгінеді.

Сондай-ақ қызметті алушы тұлғалар «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы Халыққа қызмет көрсету

орталығына (ХҚКО) немесе қызметті берушінің кеңсесіне өтініш бере  алады.