«Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві» Шалқар филиалы

«Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві» Шалқар филиалы

Жұмабекова Балқұйған Баймұратқызы

Мекен-жайы: Ақтөбе облысы, Шалқар қ., І. Үргенішбаев көшесі, 12 үй
Жұмыс телефон: 8 (71335) 02-45-03
Жұмыс уақыты: 9:00 — 18:00
Түскі үзіліс: 13:00-14:00
Эл.пошта: shalkar.arhive@mail.ru

Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві Шалқар филиалында 1918-2012 жылдар аралығын қамтитын 497 қор, 62656 сақтау бірлігі бар. Оның ішінде 487 қор басқару құжаттары, 9 жеке құрам жөніндегі қорлар, 1 қор жеке қорлар коллекциясы.

Филиал Батыс Қазақстан өлкелік Кеңесі атқару комитетінің 1963 жылғы 6 маусымдағы № 265 «Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінің Шалқар қаласындағы филиалын құру туралы» шешімімен құрылған. Филиалда Байғанин, Мұғалжар, Темір, Шалқар, Ырғыз аудандары атқару комитеттері мен олардың бөлімдерінің, осы аудандарға қатысты селолық және ауылдық Кеңестердің, аудандық жоспарлау комиссияларының, аудандық тұтынушылар одағының, ауыл шаруашылығының жағдайы мен дамуы, мәдениет, білім беру мәселелері, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтуға қатысты құжаттары сақталуда.

Батыр, билер жөніндегі жеке қорда 19 ғасырдағы ұлт азаттық көтерілісінің басшыларының бірі Есет Көтібарұлы мен белгілі би Мырзағұл Шыманұлы туралы деректер бар.

Архивке келетін әлеуметтік-құқықтық сұраныстар саны жыл сайын арта түсуде, бұлар бойынша архив «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметін көрсетеді. Жұмыс барысындағы түрлі қиыншылықтарға қарамастан архив қызметкерлері еліміздің түкпір-түпкірінен және алыс, жақын шетелдерден келіп түсетін сұраныстарды уақытында барынша толық және сапалы орындау үшін күш-жігерін аямайды.

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің Шалқар филиалының директоры

Жұмабекова Балқұйған Баймұратқызы, 20.07.1983 жылы туылған.

Білімі: Жоғары. 2004 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қазақстан тарихы» мамандығы бойынша тәмамдады.

Еңбек жолы: 2007-2021ж.ж. Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің Шалқар филиалының архивисті, 2021 жылдың маусымынан бастап филиал директоры қызметін атқаруда.