2023 жылдың 13 маусым күні Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві мен Қостанай облысының мемлекеттік архивінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Мемлекеттік архивтермен өзара ықпалдастықты арттыру және жаңа жобаларды дамыту» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелдің ашылуы барысында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры Марат Тулебайұлы «Архив-2025» кешенді іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында еліміздің тарихи кезеңдерін кеңінен зерттеу, өзара ықпалдастықты кеңейту аясында Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві мен Қостанай облысының мемлекеттік архивімен өзара қарым-қатынасты нығайту, ынтымақтастықты дамыту, мемлекеттік архивтердің рөлін насихаттау, архив ісі саласында кездесетін өзекті мәселелермен бөлісу, әріптестермен тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды, ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру көзделіп отырғанын атап өтті.
Шараға Қостанай облысының мемлекеттік архивінің директоры С.Казыбаев, архивист мамандары Ж.Қасқырбаева мен А.Нұрахметова және Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің қызметкерлері қатысып, архивтің тыныс-тіршілігімен танысып, архив ісі саласында кездесетін бірқатар қарқынды істер мен болашақта жүзеге асырылатын жобаларға тоқталып, тәжірибе алмасып, ой-пікірлерімен бөлісті.
Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры Марат Тулебайұлы мен Қостанай облысының мелекеттік архивінің директоры Сәбит Сағитұлы өзара ынтымақтастық Меморандумына қол қойды.
Шара соңында архив қорының кітапханаларына мемлекеттік архивтердің құжаттары негізінде шығарылған кітаптар сыйға тарту етілді.
Сонымен қатар, қонақтарымызға Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай архив құжаттары негізінде жасақталған «Ғасырлар үндестігі» және «Шетелдік архивтердегі құнды құжаттар» тарихи-құжаттық көрмелер ұсынылды.