Жаңалықтар

Жас архившілердің VI Халықаралық жазғы мектебі

13.06.2023

ҚР Президенті архиві, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен 2023 жылдың 07-09 маусым аралығында Алматы қаласында ТМД елдері жас архившілерінің VІ Жазғы мектебінің «Архивтердің ашықтығы мен қолжетімділігі: дамудың жаңа трендтері» тақырыбында өткізілген дәрістер мен шеберлік сабақтарына Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің архивист қызметкерлері Тлепова Зинаида Толебаевна және Болатов Жандос Болатұлы қатысты.

Дәріскерлер ретінде Қазақстан, Иордания, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Қытай және Оңтүстік Кореяның ғалымдары мен тәжірибешіл мамандары қатысып, тәжірибелерімен бөлісті.

Дәрістің аяқталуымен қатысушылар сертификаттармен марапатталды.