Директордың құттықтауы


Құрметті достар!

Архив – тарих айнасы. Халық пен ел тарихындағы құнды жазба деректерді жинастырып, сақтау ісіне әуелгі замандардан бері мемлекеттік деңгейде мән беріліп келеді. Қазіргі архивтерде мәңгілікке сақталатын тарихи деректер- мемлекеттің ішкі және сыртқы жағдайы, саяси-идеологиялық қатынастары туралы құжаттар ұлттық байлықтың бір бөлігі ретінде қорғалады.

Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві туған өлкеміз- Ақтөбе облысы тарихының елеулі кезеңдеріне, тарихы мен мәдениетінің деректі ескерткіштеріне, сондай-ақ, белгілі тұлғалардың өмірі мен қызметіне қатысты құжаттарды жинақтап отыр.

Архив қызметкерлері сан – алуан ақпараттық байлықпен жұмыс істейтін, қоғам мүддесі үшін тарихи мұраға қолжетімді болу үшін жағдай жасауда тарихи жадының сақтаушылары.

2025 жылғы 14 наурыздағы Ұлттық Құрылтайдың IV отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ.Тоқаев: «Үкімет қолда бар орасан зор деректерді, соның ішінде мұрағаттар мен анықтамалық мәліметтерді, ғылыми зерттеулерді, иллюстрациялар мен фотосуреттерді, музыкалық шығармаларды және өнер туындыларын цифрлық форматқа көшіру жұмысын бастап кетті. Ұлттық цифрлық мұрағат құрып, оны еліміздегі және шетелдердегі нейрожүйе жасаушылардың еркін пайдалануына мүмкіндік беру керек» деп атап өтті.

Қымбатты достар! Осы парақша арқылы өздеріңізге қызықты әрі қажетті ақпарат алуға, сондай-ақ архивтің күнделікті тыныс – тіршілігімен танысуға шақырамын.

Облыстық архив халыққа қолжетімді және тарихқа, шежіреге қызығушылар үшін әрдайым ашық.

Құрметпен, «Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві» КММ-ң директоры М.Тулебай.


Жаңалықтар

«Архив — ұлт жадының алтын қоры»

22 желтоқсан – Архившілер күні мерекесі қарсаңында  Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай «Ақтөбе» телеарнасының “Қайырлы таң” Ақтөбе ақпараттық сазды бағдарламасына «Архив –  ұлт жадының алтын қоры…»  – тақырыбында  сұхбат берді. «Архив – ұлт жадының алтын қоры» 23.12.2025ж  

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №874 қаулысымен мерекелік күндер күнтізбесіне «22 желтоқсан – Архившілер күні» кәсіби мерекесі болып енгізілді. Осыған орай, 2025 жылдың 22 желтоқсан күні «Архившілер күні» кәсіби мерекесі аталып өтілді.

  Шараның құрметті қонақтары Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Алтынай Юнисова, Ақтөбе облыстық маслихатының депутаты Естай Ибрагимұлы, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» Қоғамдық  бірлестігінің  Ақтөбе облыстық  филиалының төрағасы Назира Сарсенбаева, архив саласының ардагері Нұржамал Құлбаева және  Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай бүгінгі айтулы күні ерекше құрметке […]

«Е-Архив» АЖ-да жұмыс істеу және архив құжаттарын цифрландыру бойынша өңірлік семинар.

2025 жылдың 6-7 қараша күндері Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің ұйымдастыруымен “Цифрландыру” тақырыбында мемлекеттік және ведомстволық архивтер қызметкерлеріне арналған оқыту өңірлік семинары өтті. Осы семинарға Ақтөбе облысынан мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас маманы Ж.Таңатарова, Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің Шалқар филиалының директоры Б.Жұмабекова және облыстық архив қызметкерлері Г.Саркулова, Н.Жаппарова қатысты. Өңірлік семинар Қазақстан Республикасы […]