Жаңалықтар

«Архив қызметінің даму бағыттары және тарихи маңызы» облыстық ғылыми-тәжірибелік семинар

23.02.2022

Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінде облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бас мамандары, облыстық архив және филиалдары, аудандық архив меңгерушілерінің қатысуымен «Архив қызметінің даму бағыттары және тарихи маңызы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді. Семинарда облыстағы архив мекемелеріндегі мәселелер, сала бойынша жұмыс барысы талқыланды. Архив қызметкерлеріне құжаттарды пайдалану және жариялау, архив құжаттарының құндылығына сараптама жүргізу, қорғау жұмыстары бойынша әдістемелік кеңес беріліп, әріптестер тәжірибе алмасты.