Жаңалықтар

МАРАПАТТАУ

16.12.2021

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың 2021 жылғы 2 желтоқсандағы жарлығымен Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Т. Төлебай облыстық архив ісінің дамуында мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырудағы ерен еңбегі және абыройлы әрі адал қызметі үшін «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Марат Төлебайұлы! Архив ұжымы Сізге Отан үшін қызметіңізге жеңіс, бағындырар белестеріңіз биік, зор денсаулық жанұяңызға бақ-береке, амандық тілейді!