Жаңалықтар

«Архив-2025» іс- шаралар кешенді жоспарын іске асыру мақсатында…

24.04.2022

«Архив-2025» іс- шаралар кешенді жоспарын іске асыру мақсатында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Тулебай Қостанай облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен өткізілген «Қостанай облысы аумағындағы 20-50жылдардағы қуғын-сүргін құрбандары» тақырыбындағы ғылыми-тәжірибелік семинарға қатысты. Семинарда М. Тулебай әріптестермен архив құжаттарын цифрландыру, сақтандыру қорын қалыптастыру, саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бойынша жүргізілген жұмыстарды талқылап, тәжірибе алмасты.