Жаңалықтар

«Ақтөбе-Қостанай» диалог алаңы

05.04.2022

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы, «Архив-2025» кешенді іс-шаралар жоспары аясында Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві және Қостанай облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен диалог алаңы өткізілді. Онлайн шараға Қостанай облыстық архивінің директоры С.С. Қозыбаев, Қостанай өңірлік университетінің профессоры, ф.ғ.к. Ө.И.Исенов, Қ.Жұбанов ат. Ақтөбе өңірлік университетінің доценті, т.ғ.к. Д.Қ. Әбенов, Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры М.Т. Тулебай және архив қызметкерлері қатысты. Әріптестер Қостанай облысының тарихына қатысты құжаттарды зерттеуге байланысты мәселелерді талқылап, зерттеушілерге жұмыс бағыттары таныстырылды. Қазіргі таңда екі жақты тиімді жұмыс істеу жолдары қарастырылды.