Ырғыз ауданының архиві
«Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ–нің
«Ырғыз ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, 030400, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы Ырғыз селосы, Л.Шоқпаров көшесі No16
Байланыс: 8(713–43) 21-07–88 (факс)
эл.мекенжайы: arkhiv_irgiz@mail.ru
Жұмыс режимі: 9.00 – 18.00
Түскі үзіліс: 13.00 – 14.00
Демалыс күндер: cенбі, жексенбі
Күнтуарұлы Айболат 1978 жылы 8 қазанда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ырғыз селосында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1995-1998 жылдар аралығында Ақтөбе политехникалық колледжінің техник-механик мамандығы бойынша бітірген, 1999-2004 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы тарихшы, тарих оқытушысы мамандығы бойынша білім алған.
1998-2000 жылдары Қарақұдық орталау мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі;
2000-2001 жылдары Қызылжар орталау мектебінде дене тәрбиесінің мұғалімі;
2002-2004жылдары Ақтөбе қаласы No21 қазақ орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі;
2005-2010 жылдары Ырғыз аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы болып жұмыс жасады.
2011-2017 жылдары «Арай» мәдениет үйінде кадр жөніндегі инспекторы,2017-2019 жылдары «Арай» мәдениет үйі директордың орынбасары.
Ырғыз аудандық мемлекеттік архивінің тарихы 1996 жылдан басталды. Ырғыз ауданы әкімінің 1996 жылғы 12 сәуірдегі No50 шешімімен Ырғыз ауданы әкімі аппаратында директор, бас архившы штаттары бар аудандық архив ашылды. Өз алдына дербес мекеме болып, Ырғыз ауданы әкімінің 2000 жылғы 25 сәуірдегі No70 шешімімен аудан әкімі аппаратының аудандық архиві «Ырғыз ауданының мемлекеттік мұрағаты» ММ-сі құрылды. 2019 жылдан бастап архивте 3 штат, 1- меңгеруші, 2 архивист жұмыс жасайды. Қазіргі таңда Ырғыз аудандық архивінде 36 қор, 3948 іс құжаттары (2022 жылдың 01 қаңтарына) сақталуда.
Мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 030400, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы Ырғыз
селосы, Л.Шоқпаров көшесі No16.