Жаңалықтар

ТМД елдері жас архившілерінің VІІІ Жазғы мектебі

16.06.2025

Жазғы мектеп – бұл архив мамандарының кәсіби шеберлігін дамыту және тәжірибе алмасу, таңдалған тақырып бойынша жаңа технологиялар және архив мекемелері жұмысының инновациялық әдістерімен танысу мақсатында өткізілетін кәсіби білім беру алаңы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президенті архиві, Ресей мемлекеттік гуманитарлық университеті және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірлесіп ұйымдастыруымен 2025 жылдың 10-13 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Президенті архивінің Астана қаласындағы жаңа ғимаратында өткен VІІІ  Жазғы мектебінің «Архивтердің цифрлық трасформациялануы және құжаттық мұраны сақтау» тақырыбындағы дәрістер, семинарлар мен шеберлік сабақтарына Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің архив қоймасының меңгерушісі А.Коновалова тыңдаушы ретінде қатысты.

Іс-шара барысында отандық және шетелдік ғалымдардың, сарапшылар мен тәжірибешіл мамандардың аталған тақырып аясындағы дәрістері мен шеберлік сабақтары қамтылып, архив қызметін цифрландыру, нормативтік-құқықтық реттеу, архивтерді электрондық құжаттармен толықтыру, олардың сақталуын қамтамасыз ету, цифрлық архивті пайдалану мен басқаруды ұйымдастыру, құжаттарды цифрлық реставрациялау және консервациялау, желілік архив ресурстарын әзірлеу және халықаралық архив қауымдастығымен өзара әрекеттесудің өзекті мәселелері талқыланды.

Дәрістің аяқталуымен қатысушылар сертификаттармен марапатталды.