Темір ауданының архиві
«Ақтөбе облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің
«Темір ауданының мемлекеттік архиві» КММ
Мекен жайы: 030800, Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылы, Желтоқсан к/сі №3
Тел.: 8 (71346) 2-25-33
Электрондық мекен-жайы: arhiv.temir@mail.ru
Жұмыс уқаты: 09.00 – 18:00
Түскі үзіліс: 13.00 – 14.00
«Темір ауданының мемлекеттік архиві» КММ–де сақтаудағы қорлар жөнінде қысқаша мәліметтер. Қазіргі таңда архивте 29 қор, 6552 құжаттары сақталуда, оның ішінде 4328 басқару құжаттамасы және 2224 жеке құрам бойынша құжаттар. Архивтегі №8 қор-аса құнды құжаттар қоры болып саналады. Мұнда 1929 – 1945 жылдар аралығындағы Темір қалалық кеңесінің құжаттары енген. Бұдан басқа архивте Темір аудандық кеңесінің, ауылшаруашылық, қаржы, білім бөлімдерінің, Аудандық әкім аппаратының, Шұбарқұдық поселкелік аппаратының құжаттары, аудандағы жеке натариусттардың құжаттары бар.
Сұлтанова Сәуле Адмадинқызы – Темір ауданының мемлекеттік архивінің меңгерушісі. Архивте 2001 – 2010 жылдар аралығында архивист қызметінде, 2010 жылдан бері қарай меңгерушілік қызметін атқарып келеді.
Архив штатында тағы 2 қызметші – мұрағатшылар Серікқалиева Г.С. және Загранова К.К. қызмет етеді. Архив қызметкерлері өз кәсіби деңгейін жаңа нормативтік құжаттаманы зерттеу және аудандық, облыстық, республикалық семинар мен конференцияларға қатысу арқылы үнемі жоғарлатуда.
Жылдан жылға архивке келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық сұраныстар саны көбеюде. Әсіресе жақын шетел- Ресей, Украина, Молдавия елдерінен түсетін сұраныстар өте көп. Бұлар бойынша архив «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындайды.