Ойыл ауданының архиві

«Ақтөбе облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің
«Ойыл ауданының мемлекеттік архиві» КММ

Мекен жайы: 030900, Ақтөбе облысы, Ойыл а. Жолмырзаев көшесі, 5
Байланыс: тел/факс 8-(71332)-2-10-52
эл.мекенжайы: uil.arhiv@mail.ru
Жұмыс басталуы: 09:00 – 18:00
Түскі үзіліс: 13.00 – 14.00

 

Ойыл ауданы бойынша мұрағат мекемесі Халық депутаттары Ойыл аудандық Совет атқару комитетінің 19-шілде 1990 жылғы № 148 шешімімен Ойыл аудандық жеке құрам бойынша шаруашылық есептегі мұрағаты болып құрылған.

Ойыл ауданы әкімінің шешімімен аудандық бюджеттің есебіне алынып 1997 жылдың 1-маусым айынан бастап Ойыл аудандық мұрағат мекемесі болып қайта құрылды.

2017 жылдың 04-қантар айынан бастап Ойыл ауданының мемлекеттік архиві болып атауы өзгертілді,аудандық мемлекеттік мұрағаттарды қаржыландыру облыстық бюджеттің есебіне алынып бағадарлама әкімшілігі облыстық мұрағаттар және құжаттама басқарма бұйрығымен жұмыс жасауда.

Аудандық мұрағат Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22-желтоқсандағы “Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы”Заңының,мұрағаттар мен құжаттаманы басқару жөніндегі Республикалық комитетпен облыстық басқарманың шешімдерін,бұйрықтары мен нұсқауларын және мұрағат ісін ұйымддастыруға байланысты ережелері мен нұсқауларды басшылыққа ала отырып халыққа қызмет етуде.

Ойыл ауданының мемлекеттік архив меңгерушісі – Пангереев Асқар Шамұлы 1961 жылы 28 шілдеде туған. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша бітірген. 44 жыл еңбек өтілі бар, оның 2 жылы Ойыл архивінде, 1978-1993 жылдары аудандық коммуналдық-тұрмыстық комбинатының суретшісі, 1993-2009 жылдары Ойыл ауданы әкімдігінде азаматтық қорғаныс бойынша штаб бастығы, төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман, Ойыл ауданы әкімдігінің қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, 2009-2016 жылдары Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінің мектеп-интернатының меңгерушісі, НВП мұғалімі, 2016-2017 жж.  «Каспий Металлоброботка» ЖШС заводында шебер, инженер, 2020 жылдың 09 шілдесінен бүгінгі күнге дейін Ойыл аудандық мемлекеттік  архив меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Архив штатында тағы 2-қызметші : Досымбаева М.Б -18 жыл еңбек өтілі бар, және Онгарбаева А.Т -7 жылдық еңбек өтілі бар жоғары деңгейлі маман-архивистер қызмет етеді.

Архив қызметкерлері өз кәсіби деңгейін жаңа нормативтік құжаттаманы зерттеу және аудандық, облыстық семинар мен конференцияларға қатысу арқылы үнемі жоғарлатуда.

Қазіргі таңда архивте 63 қордың 1963-2015 жж. 11794 құжаттары сақталуда, оның ішінде 5390 басқару құжаттамасы және 6404 жеке құрам бойынша құжаттар. Аудандық архивінің 63 қордың ішінде кәзіргі таңда жойылып ыдырап кеткен жеті совхозының Ойыл қой совхозы,Құрманов атындағы қой совхозы,Берсиев,Жетікөл,Жекенді,Амангелді,Саралжын совхоздарының, Аудандық тұтынушылар қоғамының,Аудандық кеңес атқару комитетінің іс құжаттары сақталуда бар .

Жылдан жылға архивке келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық сұраныстар саны кобеюде. “Архивтік анықтамалар,архивтік құжаттардың көшірмелері және архивтік үзінділер” беру қызметтін орындайды.

Архив қызметкерлері еліміздің жақын,алыс шет елдерінен,азаматтарынан,

мекемелерден келіп түскен сұраныстарын толық,сапалы және уақытылы орындауға тырысады.