2025 жылдың 15-16 мамыр аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің базасында 2025 жылға арналған құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың қазіргі заманғы негіздеріне оқыту бойынша курстар мен семинарлардың жоспары негізінде «Мемлекеттік архив: архив саласындағы менеджмент» тақырыбында өткен екі күндік біліктілікті арттыру семинарына Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің директоры Марат Тулебайұлы қатысып, қажетті ақпараттар алып, біліктілігін арттырып, семинарға қатысушы мамандармен өзара тәжірибе алмасты.
Семинардың аяқталуымен қатысушылар біліктілігін арттыру сертификаттарымен марапатталды.