Мұғалжар ауданының архиві

«Ақтөбе облысының мәдениет,архивтер және құжаттама басқармасы» ММ-нің
«Мұғалжар ауданының мемлекеттік архиві» КММ

Мекен жайы: 030700, Ақтөбе облысы Қандыағаш қ. Жамбыл көшесі,64
Байланыс: тел/факс 8 (71333) 3-62-06
эл.мекенжайы: mugarhiv@mail.ru

Жұмыс режімы: жұмыс басталуы: 09.00
Түскі үзіліс: 13.00 – 14.00
Жұмыс аяқталуы: 18.00

 

 

Архив меңгерушісі – Абдиев Джали Тлепбайұлы, осы қызметті 2018 жылдың мамыр айынан бастап атқарады. Архив штатында тағы 4 қызметші – мұрағатшылар Нармаганбетов Д.Г., Джалимбетова Н.К., Есеова Г.С., Еримова Е.И. қызмет етеді. Архив қызметкерлері өз кәсіби деңгейін жаңа нормативтік құжаттаманы зерттеу және аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық семинар мен конференцияларға қатысу арқылы үнемі жоғарлатуда.

Қазіргі таңда архивте 127 қордың 1929 – 2011жж. 30514 құжаттары сақталуда, оның ішінде 12880 басқару құжаттамасы және 17634 жеке құрам бойынша құжаттар. 21 қордың тізімдемелері Орталық қор каталогына еңгізілді. Аудан архивте сақтауында аудандық және ауылдық кеңестері мен округтерінің, аудандық білім беру, мәдениет, қаржы бөлімдерінің, совхоздардың, аудан мекемелері мен кәсіпорындарының құжаттары.

Жылдан жылға архивке келіп түсетін әлеуметтік-құқықтық сұраныстар саны көбеюде. Бұлар бойынша архив «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет орындайды.

Жұмыстағы қиыншылыққа қарамай архив қызметкерлері еліміздің және жақын, алыс шет елдерінің азаматтарынан, мекемемелерінен келіп түсетін сұраныстарды толық, сапалы және уақытылы орындауға тырысады.